Рига
Бұл бетте «Рига» атты Аманжол Шамкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
О, Рига!
Лебі ескендей тау, даламның,
Бөлендім құшағына Даугаваңның.
Жүрекке от салды ма әсем көркің?
Әйтеуір мені өзіңе баурап алдың.
Өн-бойың лықсып тұрған сырлы жырдай,
Шат күйде шабыттанып жүрдім ұдай.
Шат күйде шабықтанып жүрдім ұдай.
Аяңда аз-ақ уақыт болсам-дағы
Сезіндім мен ежелгі тұрғынындай.
Келгендей болдым туған ауылыма,
Арқалап жауынын да, дауылын да.
Көшең тар болса дағы, пейілің кең,
Қыстың сен қазақ ұлын бауырыңа.
Сан ғасыр сыр сақтаған өр, жалынды
Ұқтым мен хикаясы мол жаныңды.
Көрдім мен өткен күннің көне іздерін,
Тыңдадым құдіретті Органыңды.
Алшаңдап Алматымдай араладым,
Аңдадым таныс көздер қарағанын.
Өшіріп сонау жылдар түскен дақты,
Жазыпсың, сұм соғыстың жараларын.
О, Рига!
Сұлу қала, сәнді қала!
Ақ сұңқар аршын төсті әнді қала.
Өзің бір шежіресін, қариядай
Сақтаған бар асылын сандығына.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі