Диқандар әні

Бұл бетте «Диқандар әні» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қыр төсінде қырмызы
Еңбек еткен ұл — қызы.
Кеудесінде Кәмшаттың
Жарқырайды жұлдызы.
Ер есімі жаңғырып,
Айтып жүрміз ән қылып.
Батырларын біздің ел
Ардақтайды мәңгілік.
Дәнмен шығып атағы,
Дала шалқып жатады.
Қостанайдың өлкесі
Тыңгерлердің Отаны.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері