Кінәң бар қоятұғын, аға, қандай?
Бұл бетте «Кінәң бар қоятұғын, аға, қандай?» атты Тынышбай Рақым жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кінәң бар қоятұғын, аға, қандай?
Келеді тұлпар атым тағаланбай,
келеді төгілген тер еленбестен,
келеді сенен алар бағаны алмай.
Қайтерсің, жалған тірлік жан улаған,
қойған ба шын жүйрікті тануды адам?
Біреулер кекіліне үкі тағып,
жабылып жабыны да жабулаған.
Көргем жоқ өйтіп жүріп бақ ашқанды,
несіне төмендеттік көк аспанды?
Бәрібір әбзелдеген ер-тұрманы
жабыға жапсырғанмен жараспайды.
Шынымен сенсең атқа – дүбірге қос,
болмаңдар бірің де қас, бірің де дос.
Екені нағыз жүйрік рас болса,
қалмайды жүлдесінен түбінде бос.
Шүйірген шикі өкпенің тұмсығын-ай,
Оңады қайда жетіп бұл сұмырай?
Бәйгеде бірі сүйреп, бірі итеріп,
жабымен қатар шапқан тіршілік-ай!
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі