Бір сұрақ және жүз жұмбақ
Бұл бетте «Бір сұрақ және жүз жұмбақ» атты Тынышбай Рақым жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір сұрақ жүрген көптен ішімде:
жаным, сен маған өкпелісің бе?
Балқаймағым-ай. Бал дәуренімнің
қайта оралғандай көктемісің бе?
Қара көздерің төңкеріледі,
қою кірпікпен көмкеріледі.
Жанарың қандай шалқыған жалын,
өртеді мені, өртеді мені.
Жаным, сен маған өкпелісің бе?
Нәзік бір мұңың – серт берісің бе?
Сендегі бұл сыр өзге қыздардың,
өзге қыздардың жоқ көбісінде!
Жүрегің сенің шертеді нені?
Ынтықтырады, ерітеді мені.
Толқыған сырың төгіле жаздап
қою кірпікпен көмкеріледі.
Сен, жаным, маған өкпелісің бе?
Албырт шағымның өткені үшін бе?..
Бір жұмбақ жатыр, жұз жұмбақ жатыр
«себепсіз» мені «жек көрісіңде...».
Кездеспедің-ау бал дәуренімде,
адаса көрме арман көгінде!
«Бақытты болдан» басқа не дейін,
ішімде көп сыр қалды-ау менің де…
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі