Қанша қызбен кездестім?
Бұл бетте «Қанша қызбен кездестім?» атты Тынышбай Рақым жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қанша қызбен кездестім?..
Есімде жоқ,
Шалқып өткен тал түс те, бесін де көп.
Жылдар өтіп кетсе де арада сан,
құмар сезім әлі күн өшірмеді от.
Бар екенін білмеймін не күшінің,
болады екен кейде өмір өрісі мұң...
Бәрінің де кескіні көз алдымда,
тек есімін ұмыттым көбісінің.
Айта алмаймын оларды ұмытты деп,
кейде, бәлкім, ұшқалақ үміт түлеп,
тағы да бір жолығу арман болар,
иығыма асса деп күліп білек?..
Кеттім бірақ солармен жолығыспай,
баяғыша кездесіп қолын қыспай.
Салқын тартып барам ба кешегіден,
Жүр деп мені ойлай ма жаны ұғыспай?
Еске түскен сәттерде жыр етемін,
қызу күннің білгенмін бір өтерін.
Анда-санда өлеңім ұшырасса –
қуанта ма оларды тірі екенім?. .
Бүгіндері бір кезгі көбеңдер де
болар, бәлкім, бақытқа кенелген де?!
«Маған арнап жыр жазған ақын ед» деп,
жылар ма екен сол қыздар мен өлгенде?..
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі