Сен айтқан толқыдым мен сөзге мүлдем
Бұл бетте «Сен айтқан толқыдым мен сөзге мүлдем» атты Тынышбай Рақым жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен айтқан толқыдым мен сөзге мүлдем,
адалдық ұқтым мұндай өзге кімнен?..
Жаралы жас жаныңның сырын сезіп,
қос мөлдір моншақ көрдім көздеріңнен…
Беймезгіл суық жерді жастанайын, —
жоқ енді менде сенен басқа уайым.
Жек көріп кеттім мынау күйкі өмірді,
адыра қалсын жалған тасқан айым.
Жүрейін жерде, ұшайын көкте, мейлі, —
жүректе бұрынғыдан дерт көбейді.
Жаралы жаныңа ем — гүл егілсе —
мейірі қанбай нұрға — көктемейді…
Жападан-жалғыз өтсін түнім, мейлі, —
сезімім сені «менің гүлім» дейді…
Ғайыптан Муза келіп, құлағыма:
«Гүліңе жыр арна» деп, күбірлейді.
Мен енді тұра алам ба өлең өрмей,
жыр ыстық құшағына бөлегендей.
Керемет өмір сүргім кеп кетті ғой,
мен бұрын жүргем Сені неге көрмей?..
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі