Аңсау
Бұл бетте «Аңсау» атты Тынышбай Рақым жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аңсау сырын келді ме екен ұқтырғың,
жүрегімнің қанды жасын сүрттім мың.
Аз болғандай арқалаған азабым,—
азабыма азап қосып күттірдің.
Кейде ұзақ күтем деп те шаршадым,
көп санаттың күткен сезім моншағын…
Сенің нұрлы көздеріңді аңсадым,
сенің сырлы сөздеріңді аңсадым.
Сары алтынын жоғалттым да сабырдың,
сені іздедім,
алағыздым,
сабылдым.
Үнің, демің, қылығыңды сағындым,
тіліңдегі шырыныңды сағындым.
Керек болса түбінде бір дерегім —
саған деген сағыныштан өлемін…
Қара түнге сіңіп бара жатырмын,
жүрегімді жұбатып тек өлеңім…
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі