Жаным дегім келеді
Бұл бетте «Жаным дегім келеді» атты Тынышбай Рақым жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үмітіме ұяңдау сенім артам,
сенім артсам — кетердей кеңіп арқам.
Еріктен тыс сезіммен алабұртып,
«Жаным» дегім келеді сені, қалқам…
Акталмаймын «күнәдан пәк едім» деп,
кештім, рас, тірліктің әлегін көп.
Гүлін төккен былтырғы алма ағаш та
көктем жетсе — кетпекші және гүлдеп.
Тағдыр мәңгі қасарып қалмас бұлай,
бақ пенен сор — қашаннан жалғасты ұдай…
«Жаным» десем мен сені, айтшы, қалқам,
естілер ме ед сол сөзім алғашқыдай?..
Өкінішпен өтсе де күнің, мейлі,
күлімдемей мұң-перде түрілмейді…
Алабұртып,
аптығып,
демім ысып,
неге менің жүрегім дірілдейді?..
Өзегімді жандырып жалын лебім,
неге ысып барады қаным менің?
Құштарланып,
құмартып,
қылықтанып,
жаным дегім келеді, жаным… дегім.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі