Шүкірана

Бұл бетте «Шүкірана» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қара бұлт – қайғы тозаңы
Кетті-дағы көшіп көгімнен,
Күліп шықтың, аспан гәзәлі,
Маңдайымды сүйіп лебіңмен.
Бір-ақ сәтте жайнап күллі гүл,
Қызғалдаққа тұнды қыр бүгін.
Бесігіңді тербеп нұрлы күн,
Жасай берші, тыныш тірлігім!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері