Бейне пейіш пішінде –
Бұл бетте «Бейне пейіш пішінде –» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бейне пейіш пішінде –
Баку бағын бағалап,
Жүретұғын түсінде
Хорасанды аралап.
Жайды ма екен құшағын
жағалауға белгісіз –
Ғажап еді түсі оның,
Шындығыңа бергісіз..
Жанарына жас ұйып,
Күй кешті ақын шат, ізгі...
Сағдиға бас иіп,
Медет тұтты Хафизды!
... Жаныма мұң ендіріп,
Жапа шеккен жайым бар.
Есенин боп енділік
жыр жазады қайыңдар.
Ока бойын оқалап,
жасыл желек, жайнарсың...
Хорасанға махаббат –
Тағдырыма айналсын!.
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі