Ақын сезбей қалады өлеңінің өлгенін

Бұл бетте «Ақын сезбей қалады өлеңінің өлгенін» атты Исраил Сапарбай жазған поэзия туралы өлең берілген.

Ақын сезбей қалады өлеңінің өлгенін.
Сезбейді әрі сол күні жұлдызының сөнгенін.
Мен бұл жәйдің, шынында,
тылсым сырын ұғуға
ширек ғасырдан бері тырысып-ақ келгемін:
Өлең өлсе – азалы ой ақын жанын шырмайды,
Өлең өлсе – нажағай үй тынышын ұрлайды...
Тіршілігін тәрк етіп лала гүлдер қурайды,
Күнбағыс та өкпелеп, Күнге бетін бұрмайды.
Бірақ, аз-кем өтпестен ақынымыз тағы да
жыр жазуға белсенер «тәңіріне» табына.
Кейін... жалған машық пен марапаттар,
мақтаулар
Тірі өлікті құрметтеп, отырғызар тағына.
... Мұнда бар не мағына?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері