Бақыт іздеу

Бұл бетте «Бақыт іздеу» атты Балғаным Өнербай жазған бақыт туралы өлең берілген.

Бұл адамдар - рухи биік, ержүрек,
Бақыт іздеп өтеді ылғи күйбелек.
Дүниенің бар қадірін, бақытын
Сезгісі кеп, көш соңынан ілесер.

Сезбей сірә қайтсін енді бақытты,
Сенсе егер, қолында ғой жақұты.
Жақұт деген - жай әншейін тас емес,
Тіршілікте сақтап қалар уақытты.

Бұл адамдар білмейді ғой, білмейді,
Құндылықтар азаймасын, көп мейлі.
Құдай берген бұл бақты қадірлемесе,
Адам жаны сол мезетте кірлейді.

О, Тәңірім, ұлықсың сен, ұлықсың,
Сырын ашар ғаламдағы құлыптың.
Бұл адамдар бақыт жайын іздегенде,
Сен соларға жол нұсқайтын жарықсың.

Бұл адамдар білмек, сезбек, күрсінбек,
Бақыт жолын іздеп қанша мүсіркеп.
Шатасса да, бақыт оңай табылмас,
Жақұттан да қымбат нәрсе ол демек.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер