Таулар неге алыппын деп айтпайды?

Бұл бетте «Таулар неге алыппын деп айтпайды?» атты Алпамыс Файзолла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Таулар неге алыппын деп айтпайды?
Жұлдыз неге жарықпын деп айтпайды?
Емен неге берік діңім демейді?
Гүлдер неге көріктімін демейді?

Биіктігін бұлдамайды көк неге?
Қызуымен мақтанбайды от неге?
Естен шықпай Жаратқанның жарлығы,
Құл екенін сезіне ме барлығы?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері