Болсын мейлі сіздің алтын тағыңыз

Бұл бетте «Болсын мейлі сіздің алтын тағыңыз» атты Алпамыс Файзолла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Болсын мейлі сіздің алтын тағыңыз,
Мейлі көкте жұлдыз болып жаныңыз.
Ғалам – мұхит,
Ал біздің Жер – кеме ғой,
Кемедегі жолаушымыз бәріміз.

Бет түзеген барсакелмес сапарға,
Жолаушымыз, жолға артық зат алма.
Сапар мәнін ұғынбайды қанша жан,
Адам болып жүрсе-дағы қатарда.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері