Күн

Бұл бетте «Күн» атты Алпамыс Файзолла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күн шықпаса, тігілер ме қосыңыз?
Күн шықпаса, түзелер ме көшіңіз?
Жылуы мен нұрын төгіп тұратын,
Күн қадірін білеміз бе осы біз?

Шамшырақтай мың өшетін, мың жанып,
Қызметіне ақы да алмас, бұлданып.
Әттең, ешкім Күнге қарай алмайды,
Көре алмайды өйткені Күн тым жарық!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері