Жүрекке тамыр жайып шықты гүлім
Бұл бетте «Жүрекке тамыр жайып шықты гүлім» атты Алпамыс Файзолла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрекке тамыр жайып шықты гүлім,
Ақыл мен ойды
Сезім жықты, күнім.
Бұлтсыз мөлдіреген аспан сынды,
Тұп-тұнық жанарыңның тұтқынымын.
Өлеңнің өлкесінен бақ іздедік
Аруды жырға қоспақ парыз дедік.
Өйткені, көзің мені ынтық қылды,
Мөлдіреп жақұт тасы тәрізденіп.
Көркіңе сірә гүл де таласпайды,
Жауын да сен бар жерде толастайды.
Сұлулық айдынының аққуы едің,
Аққуға жалғыз жүзген жараспайды.
Тағдырлар тоғысатын сәт туды анық,
Біз үшін аппақ сезім ақ ту болып.
Махаббат толқынында тербелейік,
Мен – ақын, ал сен – әсем аққу болып.
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі