Кезігер деп сендей жан тосқан дайым
Бұл бетте «Кезігер деп сендей жан тосқан дайым» атты Алпамыс Файзолла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кезігер деп сендей жан тосқан дайым,
Жүрек күйін төгуге жасқанбайын.
Сенің қызыл шырайлы жүзің әсем –
Күн шығып келе жатқан аспандайын.
Жас кеудемде махаббат ашты гүлін,
Ал жүрегім жыр шашу шашты бүгін.
Мені өзіңе байлаған арқан болды,
Қос қарлығаш тәрізді қос бұрымың.
Ғашық жанның тау бұзар қауқары бар,
Ақынның өлең дейтін жауһарын ал.
Сенің мөлдір жанарың тұнық көл ғой –
Тереңінде жақұт пен гауһары бар.
Сән беріп ең жайқалған жыр бағыма,
Өлеңімнен қанықшы сырларыма,
Гүлді сүйген әдемі көбелек ең,
Қоншы кеп менің жүрек-гүлзарыма.
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі