Жебе
Бұл бетте «Жебе» атты Алпамыс Файзолла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шырмалмаған пенделіктің ауына,
Жырлайды ақын қарап ердің тауына.
Кешегі өткен Махамбеттей батырдың,
Жебесімін тимей кеткен жауына.
Азаттықтың құнын білем сондықтан,
Шайыр едім ел өткерген зарды ұққан.
Бостандықты байрақ қылған өлеңді,
Ақтарамын жүрек атты сандықтан.
Сынақтарда суарылған, түлеген,
Мен – жебемін! Малай емен, құл емен.
Шірей тартып адырнасын намыстың,
Өзімді-өзім атып келіп жіберем.
Тебірентіп өлкеміздің тау-тасын,
Талқан қылып тексіздіктің қаңқасын.
Өзімді-өзім атып келіп жіберем,
Күйретуге мəңгүрттіктің жартасын!
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі