Өлеңімді күресуге қалдырам

Бұл бетте «Өлеңімді күресуге қалдырам» атты Алпамыс Файзолла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бала күннен арды еміп өстім мен,
Жақсылықпен, ізгілікпен доспын мен.
Жазда боран күтпейтінің секілді,
Қулық-сұмдық күтпеуші едім ешкімнен!

Алдандырмай сан буалдыр, сан сағым,
Иман-жұлдыз жанып тұрды шамша мың...
Бостандықты армандаған тұтқындай,
Мен әрдайым таза әлемді аңсадым!

Әділдіктің бұлбұлы, әттең, зарлайды,
Құлақ түрсең, мұңлы әуен сарнайды.
Түнді парақ, ай сәулесін сия қып,
Жырларымды жаза берем ар жайлы!

Көкірегімді кернеп кетсе, сол бір ән,
Бабалардың даусы болып жаңғырам.
Бір күні өзім таза жаққа кетем де,
Өлеңімді күресуге қалдырам!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері