Анаға ең үлкен сыйлық
Бұл бетте «Анаға ең үлкен сыйлық» атты Алпамыс Файзолла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көк теңізге «Анам үшін» деп едім,
Тереңінен алып шықты жауһарын.
Қара жерге «Анам үшін» деп едім,
Қойнауынан алып берді гауһарын.
Алтын күнге «Анам үшін» деп едім,
Шаттандырды шуағынан тәж сыйлап.
Бұлбұлдарға «Анам үшін» деп едім,
Тамсандырды тамылжыта саз сыйлап.
Сұлу айға «Анам үшін» деп едім,
Сәулесінен жасап берді жүзікті.
Ал далама «Анам үшін» деп едім,
Ең әдемі қызғалдағын үзіпті.
Ғаламшарға «Анам үшін» деп едім,
Сыйлай салды гүлзарлар мен бақтарды.
Жүрегіме «Анам үшін» деп едім,
Мәңгі өлмес осы өлеңді ақтарды.
Барып едім тартуыммен нешеме,
«Ұнар ма?!» деп көңілімде көп алаң.
Сыйлығымды ұсынғанда, шешеме,
«Ең үлкен сый – сенсің, балам», – деді анам.
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі