Қаламынан тамған бал

Бұл бетте «Қаламынан тамған бал» атты Алпамыс Файзолла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әуелден жаным сүйді жыр жазғанды,
Елітіп әуеніне жалын-күйдің.
Жалықпай араладым гүлзарларды,
Гүлдердің шырыны мен нәрін жидым.

Жұпарды хош аңқыған сүйіп анық,
Іздеген сұлулықты Арамын мен.
Сиямды гүл нәрінен құйып алып,
Қағазға бал тамыздым қаламыммен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері