Күтіңдер
Бұл бетте «Күтіңдер» атты Манарбек Қыдырбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өр кеудемде кісінесе құлын мұң,
От өлеңнің толғағы деп ұғындым.
Өмір атты өкпек желдің өтінде,
Жасын жырдың шуағына жылындым.
Ақ параққа жайып тастап жан күйін,
Еске аламын балғын күннің әлдиін.
Жаңа жазған жас өлеңге мас болып,
Ару түннің құшағында қалғиын.
Қылаң берсе қыр басынан үміт ән,
Күрсінуді, қырсығуды ұмытам.
Аппақ айдың сүт сәулесі секілді,
Атар әлі мені күткен Ұлы таң!
Күтіңдер!
31.10.2016
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі