Жынды қылма күз мені
Бұл бетте «Жынды қылма күз мені» атты Манарбек Қыдырбай жазған табиғат туралы өлең берілген.
Күрсінеді кірпік ілмей құла дүз,
Сағыныштың самалына бүркеніп.
Мөлдір шық боп жасаурайды бұла күз,
Көк жүзінде қара бура бұлт өріп...
Қалтырайды оңашада бір шыбық,
Бұтағына сары түсті мұң іліп.
Бүгін, міне, солып қалды қырсығып,
Кеше ғана қауыз жарған гүл үміт!
Бара жатыр батыс жаққа қаңғырып,
Тас төбемде тырналардың тізбегі.
Көп қарадым жанарымды талдырып,
Әлде олар құс кейіпті қызба еді?..
Көңіл кімді, көңіл нені іздеді?
Жынды қылма күз мені...
29.09.2016
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі