Тағы да бір жанып бітті шырпы күн
Бұл бетте «Тағы да бір жанып бітті шырпы күн» атты Манарбек Қыдырбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тағы да бір жанып бітті шырпы күн,
Түн мен бояп күннің қызыл кірпігін.
Мен отырмын иек сүйеп іңірге,
Жамай алмай көңілімнің жыртығын.
Өзгелерден тұру үшін биік тым,
Ақ қағазға аппақ өлең ұйыттым.
Сынық айдың сәулесіне шомылып,
Қара түннің қабағынан күй ұқтым.
Жетелейді биіктерге өр екпін,
Кешегіден бүгін сәл-пәл бөлекпін.
Мен әлемге болсамдағы керексіз...
Өлең маған, мен өлеңге керекпін!
27.10.2016
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі