Неге

Бұл бетте «Неге» атты Манарбек Қыдырбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ең ауыр ойлардан,
Ең жеңіл тойлардан
Шаршадым!
Неге?

Ең арзан бақытты,
Ең қымбат уақытты
Аңсадым!
Ең тәтті тірлікті,
Ең ащы шындықты
Сағындым!
Неге?
Ең әлсіз әмірге,
Ең ұлы тәңірге
Бағындым!
Неге?
Ең таяз сезімге,
Ең терең көзіңе
Бас ұрдым!
Неге?
Ең кіші күмәнді,
Ең үлкен күнәмді
Жасырдым!
Неге?
Ең қапас түндерден,
Ең жарық күндерден
Торықтым!
Неге?
Ең соңғы сөзіңнен,
Ең алғаш өзімнен
Қорықтым!
НЕГЕ?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері