Жасыл жаз - марқұм,
Сары күз - алтын.
Теңдессіз тарту,
Әр минут, әр күн.
Көгілдір аспан,
Ақ бұлттар – дастан.
Қыс келе жатыр,
Адымдап басқан.
Қоңыр көз - ару,
Қара сөз - қару.
Қураған гүлдер,
Сезімге зәру.
Аппақ қар - көңіл,
Мамықтан жеңіл.
Қара жер үсті,
Қара дақ - өмір.
Өледі күз де,
Өлесіз сіз де.
Сол кезде серік,
Ақ кебін бізге.
Өзіңді өзің,
Өмірден ізде!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі