Жадымдағы жаңғырық

Бұл бетте «Жадымдағы жаңғырық» атты Манарбек Қыдырбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өткен күн елесі есімде...
Мен кеше кең дала төсінде,
Шу асау тай мініп ойнағам,
Жайлаудың жұпарлы кешінде.

Өткен күн елесі жадымда...
Мен кеше жастықтың бағында,
Дес бермей жауын мен дауылға,
Тек қарсы жүзгенмін ағынға.

Өткен күн елесі санамда...
Мен кеше боз жусан даламда,
Бабамның салтымен күн кешкем,
Кигіз үй дейтұғын ғаламда.

Өткен күн елесі миымда...
Мен кеше жүрсемде қиырда,
Дәстүр мен салтымды бермедім,
Замана соқтырған құйынға.

Өткен күн елесі көзімде...
Мен кеше бай едім сезімге,
Ал бүгін зомбиға айналдым,
Таусылды, сарқылды төзімде...

P.S. - Мен өзі кім едім кезінде?

25.12.2019


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері