Құйын жыр
Бұл бетте «Құйын жыр» атты Манарбек Қыдырбай жазған поэзия туралы өлең берілген.
Жанарым ойнатып жасын дүр,
Ноқтаға сыймастан басым бұл.
Арғымақ асаудай бұлқынсам,
Жырымнан бүрлейді жасыл нұр.
Қағандай ғаламды жаулаған,
Қырандай құлдилап саулаған.
Жұлқынсам жаңа жыр туады,
Өркеуде өзімнен аумаған.
Сұлудың ынтығып көркіне,
Шалдықсам сезімнің дертіне.
Қаламнан сөз құлап қағазға,
Лағыл жыр бағынбас еркіме.
Сол мезет...
Кеудемде қобыз үн боздайды,
Іштегі шерімді қозғайды.
Жүректе іңгәлап бүр жарған,
Жаңа бір өлеңім маздайды.
О мендік алапат құйын жыр,
Ғаламды өзіңе сиындыр.
Тұла бой өрт болып лаулайды,
Шабытты шақтағы күйім бұл...
P.S. - Соғып бір өтсеңші құйын жыр!
25.12.2019
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі