Алмайтын алма
Бұл бетте «Алмайтын алма» атты Алпысбай Әбділұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тұрсын менен Жүрсінге,
«Ақыл кіріп» бір түнде,
Көрші үйдегі алманы,
Ұрламақ боп қамданды.
Түн ішінде қап-қара,
Түсті екеуі бақшаға.
Алма толды қалтаға,
Алмаған соң ақшаға.
Шыға сала мастана,
Жеді алманы бас сала.
Қалды екеуі қақалып,
Удай дәмі масқара.
Жасадық деп бір сұмды,
Тұрсын түртті Жүрсінді,
Арам жолмен келген ас,
Ащы екен деп күрсінді...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі