Өнеге

Бұл бетте «Өнеге» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Білесіз бе, Асыл ағайды?
Кірпіш,
Тас та қалайды.
Ол қалаған үйлерге
Жұрт қызығып қарайды.
Өнермен шыққан атағы,
Білесіз бе, Айнұр апаны?
Көңілін елдің көтеріп,
Домбыра, қобыз тартады.
Айтады жыр, терме де,
Суреттері тұр көрмеде.
Асыл ағай мен апайдың
Істері – бізге өнеге.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері