Сенімен кездескенде

Бұл бетте «Сенімен кездескенде» атты Алпамыс Файзолла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Махаббаттың өртін көрдім мен сенен,
Қыз Жібектің көркін көрдім мен сенен.

Көрдім сенен ақыл-ойын Баянның,
Сені көріп шырт ұйқымнан ояндым.

Жаныңдағы мөлдірлікке тамсандым,
Қаншама кеш мен өзің деп ән салдым.

Жүзіңдегі мейірімге сүйсіндім,
Сені көріп басқа қыздан исіндім.

Айдай жүзің, о, неткен көркем-ді!
Менің мына жас кеудеме өрт енді.

Тағат болмай, тұла бойым өртенді,
Тек сенімен елестеттім ертеңді.

Мен таңғалдым біздің мына ғасырда,
Бар екен деп әлі мұндай асыл да.

Бар екен деп мұндай ару, мұндай қыз,
Мінсіз сұлу, кемшіліктен жұрдай қыз.

Қолаң шашы иығына төгілген,
Аузын ашса, ақ жүрегі көрінген.

Адалдығы жанарынан сезілген.
Мен өртендім баурап алған сезімнен.

Әрі сұлу, әрі ибалы, әрі ізгі,
Қыз Жібектің сіңілісі тәрізді.

Бұл кездесу болды маған тосын жай,
Сені көріп ойға баттым осындай.

Сұлулықтың не екенін үйрендім,
Сені көріп мен осындай күйге ендім.

Сөзім жетпей сұлулыққа сендегі,
Кеудемді өрт, жанымды дерт меңдеді...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері