Сүйгеніме
Бұл бетте «Сүйгеніме» атты Алпамыс Файзолла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзгерткенмен бәрін де, уақыт бәрін,
Өзгерте алмас сезімнің жақұттарын.
Қосағымсың жазылған маңдайыма,
Өзге қызбен тата алман бақыт дәмін.
Келмеді екен бұл неге бұрын еске,
Шын ғашықтың бәрі де ұлы емес пе?!
Жаным, менің көктегі күнімсің ғой,
Күн дегенің өмірдің нұры емес пе?!
Не деген құдіретті ед сезім деген!
Түндерім-ай, түндерім көз ілмеген...
Сорлы жүрек қиналып бітті-ау әбден,
Тағат таппай тынымсыз сені іздеген.
Маған деген сезімді сөндірді кім?
Нөсердейін сұрапыл төндірді мұң...
Ынтық болсам жүзіңе ұмытар ем,
Сүйемін ғой жаныңның мөлдірлігін.
Серт етейін тұп-тұнық арымменен,
Не қаласаң сыйлайын, жаным, менен.
Жүрегіңді мәңгіге берші маған,
Ғашықпын, ғашықпын мен жанымменен!
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі