Көрдім де оны айрылдым естен іркілдім

Бұл бетте «Көрдім де оны айрылдым естен іркілдім» атты Алпамыс Файзолла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көрдім де оны айрылдым естен іркілдім,
Тулады жүрек шайқалған жердей сілкінді.
Нәр алған ба екен көктегі күннің нұрынан,
Келбеті қандай көрікті еді шіркіннің!

Басымды ием сұлулыққа иіліп,
Жүрегіме махаббат нұры құйылып.
Сезімге толы жанарыменен көз алмай,
Тұрғаны қандай тіл қата алмай қиылып!

Көздері қандай, көздері қандай, көздері!
Жанында оның арулар өзге сөз бе еді?!
Сол көздерге ешқандай арқан-шынжырсыз,
Байланып та қалғанымды сезбедім...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері