Шіліктер

Бұл бетте «Шіліктер» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2678
Баян бойы шіліктер,
Қызыл шілік, қыз шілік.
Сол шіліктер тіршілік
Бір-бір адам бір шыбық
Баян бойы шіліктер.
Зифа бойлы талдырмаш,
Сол шілікпен тау құрдас.
Сол шіліктер жастықпен,
Жаны бірге тағдырлас.
Баян бойы шіліктер,
Бойын түзеп жасанған,
Шіліктер қыз-жігіттей,
Жылдар көктеп жасарған.
Қартаймайтын үміттей
Баян бойы шіліктер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шіліктер өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Шіліктер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шіліктер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шіліктер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері