Жаңғырық – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жаңғырық» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3324
Шуылдаған бұлақтардың
Жаңғырығы бар менде.
Шайған дала қыраттарын
Жаңбыр үні бар менде.
Жалын шашқан жанартаудың
Жаңғырығы бар менде.
Сары алтындай Сарыарқаның
Таңғы нұры бар менде.
Көңілімнен күй үзбеймін,
Жырлау үшін мәңгілік.
Табиғаттан сый іздеймін,
Тұру үшін жаңғырып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері