Ауылдағы кинода

Бұл бетте «Ауылдағы кинода» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2719
Ол кезде кино жаңалық,
Ауылдың кәрі-жасына.
Шығып ап біздер қарадық,
Ағаштың ұшар басына.
Жұмыс жоқ онда... бұтақтар,
Тартқылай берсін жейдені.
Ашылды дана кітаптар —
Ауылда Ленин сөйледі.
Алақандай пердеге
Кетті бір сыйып кең өлке.
Ораған оқтар кеудеде
Қара да құра көлеңке.
Бұл майдан болар ақырғы,
Сілтейтін семсер суырып.
Түстері суық қатулы
Түюлі зілдей жұдырық.
Өтті Торғай арқылы,
Революция бар күні.
Көк толқынның гүрсілі,
Найзағайдың жарқылы.
Өтті Торғай арқылы
Көк темірлі кекті Отан.
Қаптаған сел қарқыны
Қара түтін, өрт топан.
Түнді түріп қалғыған,
Жанды қызыл таңғы оттар
Лениннің алдынан
Өтіп жатты солдаттар.
Ақ алмастар жарқылдап,
Үзеңгілер сартылдап,
Бара жатты батырлар
Жауды қуып алқымдап.
Ескі дүние жасарып,
Туды жаңа таң жазы.
Тұрды көзге жас алып,
Аманкелді сарбазы.
Жұмыс жоқ онда... бұтақтар
Тартқылай берсін жейдені.
Ашылды дана кітаптар —
Ауылда Ленин сөйледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылдағы кинода өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ауылдағы кинода өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауылдағы кинода өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауылдағы кинода өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері