Табылмай бір керім жігіт – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Табылмай бір керім жігіт» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2016
  • 0
  • 1
  • 13575
"Сізге ғана
құштармын", - деп,
көп жігіттер
ғашық болды.
Бір
"керімін" ұстармын деп,
қыз көңілі тасып
толды.
Біреуінің бойы
қысқа,
біреуінің мұрны
жаман,
біреуі өте алып
ұшпа,
біреуі тым
тұнжыраған.
Сұрыптады, іріктеді,
жұмысы да тексерілді.
"Маған тең
жоқ жігіт", - деді,
таба алмады еш
"керімді".
Орны бар жас,
кәрінің де,
сүйе білсе,
теңін біліп.
Сол ару жүр әлі
күнге
табылмай бір
"керім" жігіт.


Пікірлер (1)

Арман

Фариза Оңғарсынованың «Табылмай бір керім жігіт» өлеңі махаббат пен идеал іздеудің нәзік сезімін жеткізеді. Ақын қыздың жүрегіндегі үміт пен талғампаздықты көркем тілмен бейнелейді: әр жігіттің бойына қыз өзінің «керімін» іздеп, бірақ тыңдайтын, теңін таба алмай жүре береді.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері