Дүниеден махаббаттың көшкені ме
- 0
- 1
Дүниеден махаббаттың көшкені ме,
әлде бір жұмақ ғалам көкседі ме?
Нәр-сезім мені өлтірмей қуат берген
таңданам қазір мүлде өшкеніне…
Бұл бетте «Мен сені жүретінмін мақтан көріп» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дүниеден махаббаттың көшкені ме,
әлде бір жұмақ ғалам көкседі ме?
Нәр-сезім мені өлтірмей қуат берген
таңданам қазір мүлде өшкеніне…
Ойламадың сен мені, еске алмадың,
алар бір кез адамдар кешкен жалын.
Өмір деген кетеді өкіндіріп,
есіңе алма. Бірақ тек кеш қалмағын.
Салғандай тыпырлатып жанды мұзға,
шырылдап күн кешсем де қарлы құзда,
жүргенде Сіз биікте, білесіз ғой,
бармап ем «ағатайлап» алдыңызға.
Үй – сарай өткізердей хандар күнін
(мұндай жай – біраз жұртқа арман бүгін),
сыңғырап бұлақ үні, Күн әйнектен
төгеді біздің үйге таңнан нұрын.
Бір құрлық бар түспеген қартаға әлі,
сыйғызардай төсіне сан қаланы.
Ғалымдар да білмейді оны әзірше,
тек арнайы іздеген жан табады.
Бұл үйдің барлық халқы нық,
шетінен тұлға шіренген.
Қамдарын ойлап шарқ ұрып,
шырылдап жалғыз жүрем мен.
Мейрамбек
Керемет...
мадина
тамаша