Өлең, жыр, ақындар

Енді олардың бірге өмірі, әнге толы бір кеші

  • 04.08.2016
  • 0
  • 1
  • 4047
Ұластырып бір шаттыққа күндері мен түндерін,
Ілестіріп қуанышқа думан сүйер дүрмегін.
Бабалары шежірелі тектен тарап өрбіген
Бір әулетке түсіп жатыр тағы, міне, бір келін.

Той-думанның жарық болды тағы да енді жұлдызы,
Бір әулеттің бөліскелі жиналды оны ұл-қызы.
Түсіп жатыр келін болып, ол да жақсы атаның
Ұрпағынан тарайтұғын тәлім көрген бір қызы.

Бұл әулет те той сәнімен дәл осылай күйге енді,
Дәстүрінің жолыменен ұл да бүгін үйленді.
Жақындары тілектес боп шаттанды да, қуанды,
Анасы да, міне, өмірде ене болды сыйлы енді.

Куә болды осы тойға ұл менен қыз қараған,
Той сәні боп көкте шалқып, қалықтап бір барады ән.
Бүгін, міне, қосылып отыр жұбай болып екі жас
Жүректері шын сезіммен бірін-бірі қалаған.

Енді олардың бірге өмірі, әнге толы бір кеші,
Енді олардың ортақ алар өмірдегі жүлдесі.
Жас отаудың сондықтан да шаңырағы асқақ боп,
Дейді ағайын: ақ отаудың берік болсын іргесі!

Атаның да, әженің де осы болар құптары,
Солардан ғой жұбайлардың бата-тілек ұққаны.
Сол батамен ақ отауға бақыт құсы қонақтап,
Екеуінің мәңгі өмірде жазылмасын жұптары!

Махаббаттың аппақ құсы көрінген соң айдыннан,
Бір шаттықтың дастарқанын тілекші ғып жайдырған.
Бір әулеттің күллі адамын қуанышқа бөлеген
Жалғастығын таба берсін дәл осындай той-думан!



Пікірлер (1)

Мерейлим

Олендер жок па?

Пікір қалдырыңыз

Күз әуені

  • 1
  • 1

Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.

Толық

Агент-әлем. Агент-әзiл

  • 0
  • 1

Дейсiң де сөзге өрнек салдым қалай,
От сезiм жыр-жүректi жандырғаны-ай.
Жусан-болмыс қазақтың баласы едiк,
Интернетке байланған тағдырлар-ай.

Толық

Құтты болсын!

  • 0
  • 0

Жүректерді ізгілікке елең ғып,
Сонда айтылар әсем ән мен өлеңді ұқ.
Салтанат па, мереке ме, мейрам ба,
Бір-біріне "Құтты болсын!" деген жұрт.

Толық

Қарап көріңіз