Баянаула

Бұл бетте «Баянаула» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Баянауланың қойнынан
аналық иіс аңқиды.
Уызын беріп тойдырған
балауса буын балқиды.

Баянға махаббатымды
жеткізе алман тілменен.
Ардақты асыл атыңды
қазақта жан жоқ білмеген.

Далбаның жусан иісі
сепкендей жұпар жаныма.
Тірліктен кеткен киесі
ұмтылар үміт таңыңа.

Баянның құшақ ашқанын –
сағыныш дермін сарғайған.
Өзіңсіз өмір – қас-қағым
өтетін аңсап шалғайдан.

Көп жасап, көпті көргендер –
сен үшін сәби бәрібір.
Торайғыр гүлін тергендер –
етегін бойлап әлі жүр.

Баянға тура тартамын
дәм шақырар туса күн.
Сырыңның барын сарқамын,
келмейді тағы сусағым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баянаула өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Баянаула өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баянаула өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Ахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баянаула өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері