Өлең, жыр, ақындар

Ұстазға арнау

Ұстаз деген биік тұлға байсалды,
Талай шәкірт жүрегіне ой салды.
Бар ғұмырын ізденіспен, еңбекпен
«Білім» деген ұлы көшке жол салды.

Ұстазымды теңер едім анаға
Білім менен шуақ берген балаға.
Шәкірт үшін қылқаламын тербетіп
Түн ұйқысын бөлген білім арнаға.

Ұстаз деген қазақтың кең даласы,
Ілім деген ен байлықтың панасы.
Бар байлығын ұрпағы үшін сарп еткен
Деген оймен кем болмасын баласы.

Ұстаз деген доста болар сыр шертер,
Сүрінгендер, шалынғандар демелер.
Шәкірт үшін қаймағын қалқи құйып
Қаспағын еңбекпенен қырып берер.

Ұстазға жан бар мекен бас имейтін,
Ұстаз емші сауатсыздықтан емдейтін.
Білім жолда тер төккен арда ұстазым
Ғұмырлы боп, шаттықты боп жүргейсің.



Пікірлер (17)

Неизвестный

Невтему уйкасы жок, буындары шатасқан

Құрмет

Тапсырыспен арнау , өлең , тілек жазамын , слайт жасаймын
+7 708 717 9768

Әлия

Өте керемет маған ұнады

Балжан

сонгы жагнда уйкасы келми капты )))щэээ

Алия

Маган унады

Абдрахманов Мерей

Өте керемет мен бұл арнауды ұзтаздар мерекесіне айтамын

ұлдана

өте рахмет

Акниет

Ен керемет

Алия

Мүлдем ұйқасы жоқ біраз дұрыстап жазу керек

Анель

Орташа деңгейде жазылған

Зарина

Жақсы екен

Бақдәулет

Өте керемет автор респект

Бота

Өте керемет жазылған екен рахмет????❤️

Гүлдерайым

Керемет өлең

Жан

Жақсы өлең

Аяулым

Ұздаздарға арналған арнау

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Ұстаз туралы ой

  • 0
  • 0

Ұстаз болу сый етілген өміріне,
Қиын бірақ оны алып жүруі де.
Өмір жолын ұстаздыққа арнаған
Талай мықты ұстаздар бар елімізде.

Толық

Қарап көріңіз