Өлең, жыр, ақындар

Қандай қиын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ата рухы - қандай өршіл?
Қиып түсер қылыштан.
Заманында көре алмады, талап жеді, тұс-тұстан,
Ал бүгінде ұмыт болмас, ерлігі оның өйткені:
Қасық қаны қалсадағы қайтпайтұғын соғыстан.

Елі үшін!
Жері үшін!
Терін төгіп аянбау,
Ұлт намысын!
Өз борышын!
Іспен келіп баяндау.
Сөзбен емес жүрегімен сүйетұғын өз елін,
Атама тән мінез еді, дауыл соқса таянбау.

Қандай қиын...
Сен білесің!
Өміріңді сүре алмау.
Сүресің ғой бірақтанда...
Өз тегіңнен жырақтау.
Өміріңді өткізуге болады екен бірақтан:
«Атаңсыз» өткен әрбір күнің, өз-өзіңді құр алдау.

Қандай қиын...
Бұл өмірде атаңызды көре алмау,
«Ата-ата»,-деп еркелеп,
Құшағына ене алмау.
Қандай қиын...
Атаңыздың қолын қысып ұстамау,
Шүйіркелесіп әңгіме айтып,
Ертегісін тыңдамау.

Қандай қиын...
Атаңызбен тығылыспақ ойнамау!
Қандай қиын...
Атаңыздың жүрегіне бойламау!
Қандай қиын...
Атаңыздың жәй-күйін де ойламау!
Қандай қиын...
Мерей тойын дүркіретіп тойламау!

Қандай қиын...
«Немерем»,- деп айтқанында естімеу,
Амалсыздан қарап тұрсаң, суретіне ескілеу..


Пікірлер (1)

Жарқынай

Керемет мен бұл өлеңді аитаиын деп отрм

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қандай қиын өлеңінің авторы кім?

Ернар ЕРГЕШ — осы өлеңнің авторы.

Қандай қиын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қандай қиын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ернар ЕРГЕШ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қандай қиын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.