Рәміздерім - ұлттың басты нышаны
Әнұраным жігерімді жаниды,
Қазақ елін бүкіл әлем таниды.
Гүлдендірді, түрлендірді жерімді,
Елін сүйген азаматтар жаны игі.
Елтаңбам мен елдігімді бәрі ұққан,
Айналайын қазақ деген халықтан.
Күн бейнелі шаңырағым нұр шашып,
Уықтары бірлігімді танытқан.
Жұлдызым тұр жарқыраған жоғары,
Қонақжаймыз арылмаған қонағы.
Мызғымаса бірлігім мен тірлігім,
Бағымыз боп, бақыт құсы қонады.
Ай мүйізді алтын қанат пырағым,
Қайсарлықтың бейнесі деп ұғамын.
Бабалардың рухынан қуат ап,
Бейбітшілік күзетінде тұрамын.
Көгілдір ту бейбіт ашық аспандай,
Күн шуағын қазағыма шашқандай.
Қыранымыз қалықтаған биікте,
Асқар шыңға жол көрсетіп ашқандай.
Ою-өрнек туға көрік береді,
Ел өнерін жаһан көріп келеді.
Сайысқанда өнер-білім, спорттан,
Ту соңынан ұл мен қызым ереді.
Рәміздерім - ұлттың басты нышаны,
Адал досқа ашық қазақ құшағы.
Көздегенін бағындырған қырандай,
Шың-құз асып, көкте биік ұшады.
Филолог-ақын Бөкен Қазбек Маратұлы
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Курмин ауылы
Курмин жалпы білім беретін мектебі
Диляра
Малимет оте кушти
Бөкен Қазбек Маратұлы
Ұлылығын танытқан даналарым,
Ұрпағына қалдырған далаларын.
Қасық қаны қалғанша қорғап өткен,
Ұлан байтақ көз жетпес бар алабын.
Көзіміздей сақтайық сол даланы,
Намысшыл бар ұрпағым қолға алады.
Көрінгенге таптатпай төрімізді,
Жөн болады жат елден қорғағаны.
Төкпеп пе едік сол жерге терімізді,
Береміз бе, мал толы белімізді?
Жүнін жұлған тауықтай болмай ма жер?
Жиырма бес жыл жалдаса жерімізді.
Мақсатына кірісуді бастай ма?
Қыздарыма құшақтарын ашпай ма?
Ұрпағымды өсіремін, -деп ертең
Тұқымдарын тұрған жерге шашпай ма?
Содан кейін оны қалай қуасың?
Қытайменен құда болып тұрасың.
Неге сонда жерді жалға бердім, -деп
Бармақ шайнап, басты тасқа ұрасың .
Келмей қалар мұршамызда "ей! " деуге,
Құмырсқалар салар бізді илеуге.
Қаптап, өрлеп бағындырар биікті,
Төбемізге шығып алып билеуге.
Отыз жылын олар ерте болжайды,
Үкіметім ескерген жөн бұл жайды.
Басқа елге жерді жалға берсең де,
Қытайларға беруіңе болмайды.
Саудалаған жерді пенде қандайды?
Қу ақшаға құныққандар сондайды.
Ұлтжандылық намысы жоқ бойында,
Жебірлерді көрсем қаным қайнайды.
Ұлтжанды ақын: Қазыбек Маратұлы
10.05.2017