Теңселіп бұлттар, сенделіп тағы көшті аспан
- 0
- 0
Теңселіп бұлттар, сенделіп тағы көшті аспан,
Теңселген бұлттың дидарын асқақ сес басқан.
Бүршіктеп талы, көгерген көктем көңілмен
Жайнаған дүние, с...
Бұл бетте «Тіл – халқымның баға жетпес мұрасы» атты Нұркен Тохаев жазған тіл туралы өлең берілген.
Теңселіп бұлттар, сенделіп тағы көшті аспан,
Теңселген бұлттың дидарын асқақ сес басқан.
Бүршіктеп талы, көгерген көктем көңілмен
Жайнаған дүние, с...
Төңкерілген ғаламның төрткіл ені,
Әйнегімді ызылдап шертті лебі.
Қап-қара аспан сыздап тұр жауын төкпей,
Қап-қара аспан... дәл мендей дертті ме еді...
Күз келгенде құс іздеп әнші бақтан,
Жүрегіме қып-қызыл тамшы қатқан.
Жайсаң жазым соңына бұрылмады,
Ернеуінен үзілтіп бал шұбатқан.
Алқымға келді ақ нұрым,
Ризамын саған, тағдырым.
Жапалақтайды ақша қар,
Жауады жиі жаңбырым.
Көктем қайда жап-жасыл баққа оранған,
Жаз қайда жүр жүрегі аппақ арман?
Қоңыр күзін төзіммен күтіп жатыр
Қоңырауын соғатын шақтар алдан.
Қақ айырып шығатын қара мұзға,
Қызғалдақтай гүл жарған дара құзда,
Мықтылықпен ұштасқан нәзіктігі
Болды біздің махаббат арамызда.
топ
күштығой