Түн өтті. Тағы да бір таң атты аман
- 0
- 0
Түн өтті. Тағы да бір таң атты аман,
Құлпырды күн астында жанат ғалам.
Ақ бауыр қарлығаштың қанатымен
Қалықтап барады ұшып алаптағы ән.
Бұл бетте «Мен білетін бұл күзден» атты Ардақ Жолдыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түн өтті. Тағы да бір таң атты аман,
Құлпырды күн астында жанат ғалам.
Ақ бауыр қарлығаштың қанатымен
Қалықтап барады ұшып алаптағы ән.
Кеудемнен сызылып бір ән шығарда,
Тамшылар қосылады тамшыларға,
Билейді аппақ қайың шаршыларда.
Қолымды көлегейлеп көп қараймын
Бұрқыраған күндердің бұршағында,
Берілуге болмайды мұнша мұңға.
Мен өзіңе тағы да күліп келем,
Ауруымнан айыққан бір шағымда.
Суырылып кеудеден дара тыныс,
Қызық болып құбылды жаратылыс.
Аспанның ар жағында аппақ астар,
Астардың қабатында қара тігіс.
Үлбіреген ақ жейде киіп алып бар тоғай,
Қиялдарға ғажайып беріледі әрқалай.
Қозғап едім бұтақты, сыңғыр етіп үн шықты,
Неткен сұлу төңірек, неткен ...
Көшкен елдің жұртында қалдым ұмыт,
Арты жабы тірліктің, алды күлік.
Шалқасынан жатып кеп ойланды да,
Ай боп көкке ырғылды тарғыл үміт.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі