Корейская косметика премиум класса

Əжемнің өтіріктері..

Кеше бардым ауылыма аяндап,
Үйге жетіп..
Тұрып қалдым аялдап.
Əжем отыр,сүтті тартып қаймақ қып,
Сол баяғы тіршілігі қоян бақ.
Сағыныштың мауқын басып,деді ол,
"Жеңген ауырып,содан əліі оянбат".
Жалған сөзі бұл бірінші əжемнің,
"Жазылғасын өзі ақ көкем оянбақ".

Тал түс болды...
əжем жасат тамақты,
Тамағынан балдан тəтті бал ақты.
Женгем отыр,телефонын шұқылап,
Түріп қойып шалбардағы балақты.
Ызаланып,шағып алдым тіліммен,
"Шəйді құйып,жаса дедім тамақты".
Оқ жыландай шақты,тіпті тістеніп,
Қабағынан дауыл ызғар таратты.
Жалған сөзі бұл əжемнің екінші,
"Келін пысық,орындап жүр талапты".

Бір қарасам..
əжем үйді сыпырып,
Жүгіріп жүр,затты орнына зытырып.
Мені көріп,пеш түбіне жайғасты,
Қалды өтірік тоқамаға шұқынып.
Жүрек жылап,мен жақындап əжеме,
"Кеткен екен дедім женгем құтырып",
Жалған сөзі бұл əжемнің үшінші,
"Қиын емес",деді,сөзден құтылып.
:Сабақ оқы",деді,сүйіп маңдайдан,
Тағы қалдым мен əжемнен ұтылып.

Кеште батты...
малда келді қораға,
Женгем шықты баласын ап далаға.
Сиыр сауып,тамақ істеп əжем жүр,
Женгем отыр ештене жоқ санада.
Көзімменен атып қойдым алыстан,
Деді маған,"сен сүмелек қарама",
Əжем келіп маған ақырын сөйледі,
"Малды кіргіз бір түгендеп санада".
Женгем отыр кеуімен тілдесіп,
"Шаршадым мен көшеміздеп қалаға"
Ал əжемнің жалған сөзі төртінші,
"Келін шаршад,деді маған қарама"
Өз əйелін бағындыра алмаған,
Мен ішімнен дедім оған"мал аға".

Түнде батты
əжем салды төсекті,
Женгем отыр жіберіп құр өсекті.
Бұл əжемнің жалған сөзі бесінші,
"Бүгін ғана мен салдым дед(і) төсекті"

Жатып қалдық..
əжем жатыр ойланып,
Өткен-кеткен əр күндерін ойғалып.
Мен əжеме сұрақ қойдым тосыннан,
"Неге жатсыз əже ұйықтамай толғанып"?
"Құлыншағым,сен ұйықташы алдымен"
"Ертен сені апарам дед(і),тойға алып"
Мен əжеме,"айтам дедім женгемді",
"Ағамызға ертен бəрін қолға алып".
Əжем айтты,"шаңырақты шайқалтпа",
"Қалдық оны өткен жолы зорға алып",
"Екі ортаға есі кеткен түседі",
"Сондықтанда татулықты жоймалық".
"Барлығанда балдарым үшін жасаймын",
Деді əжем,"жатқан жоқпын зорланып".
"Мен осыдан ер жетейін жігіт боп",
"Өзіңізді алам бірден қолға алып",
"Жақсы келін əкеп берем бұйырса,"
Дедім солай,сөздерімді қорға алып.
Көздерімізден парша-парша жас ағып,
Осы мұңды,осы түнге жолдадық...


Қарап көріңіз


×