Сырласу

Бұл бетте «Сырласу» атты Серикбол Асемгул жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сәлем...өлең,
Алдыңа тағы келдім.
Жүректе сақтаулы әлі,
Айтылмаған бір-аз шерім...

Сөйлесуге өзіңе таптым уақыт,
Өлеңсіз келмейді екен маған бақыт.
Айырбастап өзгеге кетсемдағы,
Тең келмейі бір саған ешбір жақұт.

Шабытым бір өзіңе жетелейді,
Әр күнім сағынышпен өтер мейлі.
Өлеңсіз өмір сүру мүмкін болса,
Бұл мінезді ешкім де көтермейді.

"Өлең" деген әркімге берілмеген,
Өлеңді ақын ғана төрім деген.
Өлеңге аққудайын қанат қақса,
Ақынның әлсіз тұсы көрінбеген.

Өлеңді өміріммен егіздеймін,
Қаламды қағазымнан мен үзбеймін.
Өлеңім жүрегіммен бірге болса,
Оны неге алыстан мен іздеймін.

Кәзірде бәрі әнші,бәрі ақын,
Өлеңге келіп жатыр қатты зақым.
Мағынасыз өлеңді естігенде ,
Фаризалар келеді жанға жақын.

Мейлі...мейлі мен есейіп кетермін,
Өткенді ойлап сағынышпен өтермін.
Күндер өтіп,жылдар кетер келмеске,
Сенсіз бәлкім биіктерге жетермін.

Сау бол,досым ,қайтадан жолыққанша,
Кездесерміз әлі сан шабыт болса.
Байсалды боп мен-дағы оралармын,
Жылдар жастық шағымды алып қалса.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (13)

Қаламың ұштады берсін айналайын!

Қаламың ұштала берсін айналайын!

Әмин айытқаныңыз келсін

 

Сезім

қаламың ұштала берсін

әмин !

Өлең деген тумайды жайшылықта

Өлең деген тулайды қайшылықта   дегендей әр жазған өлеңімнің өз себептері бар ,Өлеңдеріме өз пікірлеріңізді жазып жатсыздар рахмет сіздерге.

ТАЛҒАТ Жиембекова

Қашанда өлеңдеріңнің бояуы тұнық болсын айналайын

Жарасымды жазуға тырысып келеміз )  РАхмет көппп

smileyРахмет сіздерге

Жарайсың ұштала берyesyes

Молодец!

Қаламың ұштала берсін!!!

Еліңнің Фаризадай ақыны бол қызым

Әмин! Әмин! Айытқандарыңыз келсін!

Осы автордың басқа өлеңдері