Қателестің

Бұл бетте «Қателестің» атты Абзал Алтый жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қиналар деп ойлап пе едің кетсем егер?
Ойың таяз.Көрдің бе...қателестің
Сен лай су,шалшығыңмен шектесе бер
Лас жерде мекендейтін бақа емеспін

Оянғанда қызарып төсегімде
Сүйді деп пе ең бір сәтке ұнағанға?
Түсінерсің опа берер көше кімге
Қу тізеңе бір шашың құлағанда

Сен бәрібір қалмайсың жерде бірақ
Тесігіңнен өткізер біреу жібін
Қойыныңда ериді демде құлап
Бұйырса егер бағына түнеу бүгін

Бір бейшара құлайды сорыңа кеп
Сіңірерсің бойыңа нәрін бүкіл
Арсыздықтың құрасың торын әкеп
Табаныңмен езгілеп арыңды құл

Ойлап пе едің кетсем егер қиналар деп?
Сен оп-оңай ашылар сыр түндіксің
Сәуле түссе жарыққа жиналар кеп
Қайбір сыйқы бар дейсің бір күндіктің

Алғаш таңың құшағымда атқан лезде
Тура бір жыл біз ләззаттан құлағалы
Қара да тұр күйеуіңмен жатқан кезде
Көздеріңе мен елестеп тұрам әлі

(С) Абзал Алтый


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қателестің өлеңінің авторы кім?

Абзал Алтый — осы өлеңнің авторы.

Қателестің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қателестің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Алтый өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қателестің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер