Өмір – Диас Мамадбек

Бұл бетте «Өмір» атты Диас Мамадбек жазған өмір туралы өлең берілген.

Өмір

Мына жалған өмірдің сынақтары таусылмас,
Таудан аққан бұлақтар өзен болар, сарқылмас.
Сынақтан соң келесі сынақ күтер,
Өтермін деп бұдан да аяқ-қолы тартылмас.

Өмір деген өтеді өте жарқын,
Кей адамдар білмейді оның парқын.
Өмір деген бір кезде төрт-түлік мал,
Баға алсаң ішінде ешкі-лағын.

Өмір деген көп емес қой тілдердей,
Қолға үйренбес Африкандық пілдердей.
Өмір деген атлетика ауыры,
Көтеретін ауыр-ауыр зілдердей.

Өміріңде қысы, жазы болады,
Қайғы-мұңға жүректер де толады.
Қуаныш та, көңілді күй әрқашан,
Адамдар да бір-бірінен шолады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар