Жас тамып тағы жанардан – Қасен Мөлдір Жұмабайқызы

Бұл бетте «Жас тамып тағы жанардан» атты Қасен Мөлдір Жұмабайқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жас тамып тағы жанардан,
Жоғалып кетті сан арман.
Мендегі сезім құрақтан
Сендегі бақыт жамалған.

Жарты да жарты бір бүтін,
Біздегі бақыт мың бір түн.
Армандап қана қоятын
Сезімім неге сылбырсың?

Жоғалып кеткен сенімді,
Іздеуге мәжбүр болғанмын.
Сеңделіп кеткен көңілді
Сырт көзден қалай қорғармын?

Мің арта бермей өмірге,
Қашанғы бақыт жолығар.
Жүк арта бермей сезімге
Бақытым қашан толығар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері